Әлеуметтік нанның бағасы көтерілмейді

Әлеуметтік нанның бағасы көтерілмейді
Ағымдағы жылы 15,1 млн.га егін жиналды, бидай, арпа, жүгері, күріш және т. б. қоса алғанда, 19,1 млн. тонна дәнді және дәнді – бұршақты дақылдар бастырылды. Алдын ала болжамдар бойынша, өткен жылғы азық – түлік бидайының қалғанын ескере отырып, келесі өнімге дейін бөлу көлемі 14,9 млн.тоннаны құрайды, оның ішінде ішкі тұтынуға шамамен 5,9 млн. тоннаны (тұқым, жемшөп, өнеркәсіптік қайта өңдеу) пайдалану болжанып отыр, экспорттық әлеует шамамен 6,0-7 млн. тоннаны құрайды. 
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша 2019 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша астық қабылдау кәсіпорындарында 5,1 млн.тонна астық бар, оның ішінде 350 мың тонна азық-түлік бидайы көлемінде "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ астығы бар. Бұдан басқа, азық-түлік корпорациясы 300-350 мың тоннаға дейін астық сатып алатын болады. Өңірлердің кәсіпорындарындағы ай сайынғы ұн қоры 178,0 мың тоннаны құрайды. Осылайша, республикада астық пен ұн қорының жағдайы тұрақты. Ресми статистиканың деректері бойынша бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нанның орташа республикалық бағасы "әлеуметтік нан" деп аталатын бөлке үшін 76,5 теңгені құрайды.  Әлеуметтік нанның бағасы көтерілмейді.