Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 47 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі құрамында қанты бар өнімдерді өндіруге арналған ақ қантты (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 1701 99 100) және өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 1701 13, 1701 14) Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде кедендік баждарды төлемей, Қазақстан Республикасына 250 000 тоннадан аспайтын жиынтық көлемде 2021 жылғы 20 желтоқсаннан 2022 жылғы 14 сәуірге дейінгі кезең аралығында әкелуге өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады.      

 

Өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу уақыты:

2022 жылғы 28 ақпан сағат 9.00-ден бастап 2022 жылғы 10 наурыз сағат 18.30-ға дейін.

Өтінімдер (бірінші басшысы не өкілеттіктерін растайтын тиісті құжаттың негізінде уәкілетті адам қол қойған өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар) уәкілетті органның кеңсесі (Нұр-Султан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 2 кіреберіс) арқылы қағаз түрінде немесе уәкілетті орган кеңсесінің office@minagri.gov.kz электрондық мекенжайына электрондық түрде PDF форматында беріледі.

Өтінімді жібергеннен кейін өтінімнің қабылдануы және тіркелуі туралы ақпаратты 8 (7172) 555-763 телефонға хабарласып, анықтау қажет.

Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) құжаттардың осы Бұйрықтың талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда өтінім берушіге хабарлама жіберу үшін өтінімде міндетті түрде электрондық мекен-жайы көрсетілуі қажет.

Құжат нысандарын жүктеу сілтемесі:

Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 1701 99 100) әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға өтінім нысаны

Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға өтінім нысаны