ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров Мәскеуде өткен І халықаралық агроөнеркәсіптік форум (МАФФ – 2019) аясында өткен "Қазақстан-Ресей: АӨК саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық" конференциясында баяндама өткізуге шақырылды.
Қазақстан мен Ресейдің АӨК саласындағы ынтымақтастығына арналған баяндамасында Айдарбек Сапаров Қазақстанның аграрлық секторының қол жеткізген нәтижелері туралы атап өтті. Соңғы бес жылда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 1,4 есеге артқан. Сонымен қатар, ол АӨК еңбек өнімділігінің орташа жылдық өсу қарқыны 24% - ды құрап, 2018 жылы 2 076,6 мың теңгеге жеткенін және сала өнімінің экспортынын өскенін айтты. 2018 жылы АӨК өнімінің жалпы экспорты 24,5% - ға артқан, оның ішінде қайта өңдеу өнімінің экспорты 3,5% - ға өскен.
2019 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстан мен Ресей арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдері мен ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдерінің тауар айналымы 950,5 млн долларды құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,8% - ға артық ($881,9 млн). 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстаннан Ресейге экспорт көлемі $ 203,6 құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,8% - ға артық ($194,3).
"Аграрлық сектор бизнес үшін тартымды болып келеді. Соңғы 5 жылда салаға 1,3 трлн теңге инвестиция тартылды, оның ішінде жеке сектор шамамен 80% инвестиция салды, оның ішінде 2018 жылы 365,1 млрд теңге" - , деп атап өтті бірінші вице-министр өз баяндамасында.

Республиканың агроөнеркәсіптік кешеніне шетелдік және отандық инвестицияларды тарту мақсатында Кәсіпкерлікті қолдау бойынша тиісті жағдайлар жасау бойынша жұмыс жүргізілуде, атап айтқанда: басым бағыттарды субсидиялау, жеңілдікті кредитпен және лизингпен қамтамасыз ету, АӨК субъектілері үшін салық салудың арнайы режимдері.
"Өнімді экспортқа қажетті көлемде өндіру жеткіліксіз, өнім бәсекеге қабілетті болуы және ветеринария мен фитосанитария саласындағы импорттаушы елдердің заңнамалық нормаларына сәйкес болуы қажет. Ол үшін Министрлік импорттаушы елдердің ветеринарлық және фитосанитарлық талаптарын келісу бойынша үнемі жұмыс жүргізуде, бұл біздің аграршыларға өз өнімдерін жаңа нарықтарға жеткізуге мүмкіндік береді", - деді Айдарбек Сапаров.
Өз баяндамасын қорытындылай келе, бірінші вице-министр А. Сапаров Қазақстанның аграрлық ведомствосы РФ АШМ-мен "қол режимінде" және жол карталарын бекітумен "бір терезе" қағидаты бойынша өзара іс-қимыл жасауға дайын екенін атап өтті.
Айта кетейік, конференция Ресей ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің Күнін мерекелеу қарсаңында РФ Ауыл шаруашылығы министрлігі ұйымдастырған ЕЗҚ-2019 аясында өтті. ЕЗҚ-2019 пленарлық отырысының жұмысына Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведев, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) бас директоры Цюй Дунъюй, Ауыл шаруашылығы министрі Дмитрий Патрушев, Сербияның Ауыл, орман және су шаруашылығы Министрі Бранислав Недимович, тамақ болашағына бейімделген әлемдік футуролог Морган Гэй қатысты.