
Ауыл шаруашылығы министрлігі 2021-2025 жылдарға арналған АӨК дамыту бойынша қабылданған ұлттық жобаға сәйкес, аграрлық ғылымды дамыту мен мамандар даярлауға ерекше маңыз берілетінін атап өтеді. Ғылымның нақты өндірістен алшақтығын еңсеру, сондай-ақ оны әлемдегі ең озық қолжетімді технологияларды енгізуге қайта бағдарлау міндеті тұр.
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ қолдауымен Қазақстан жүзім, жаңғақ, жеміс-жидек және көкөніс дақылдарын өндірушілер қауымдастығы, «КосАгроКоммерц» ЖШС және «AgriBioTech» ЖШС «Жер Байлығы» АгроМектеп бірегей жобасын жүзеге асыруда.
АгроМектептің жұмысы ауыл шаруашылығының түрлі технологиялары мен бағыттары бойынша білім алмасуға бағытталған. Онда қазақстандық және халықаралық мамандар АӨК саласындағы үздік практикаларды көрсетуге және оқытуға дайын.
АгроМектеп теориялық сабақтарды ғана емес, сонымен қатар ғылыми зертханалар негізінде практикалық сабақтарғада қатысуға мүмкіндік береді.
Әрбір тыңдаушының семинарларда өз білімін кеңейтуге және ауыл шаруашылығын кәсіби жүргізу жолында жаңа біліктіліктерді алуға мүмкіндігі бар.
Семинарларға 2022 жылдың 22 наурызына дейін, әр сенбі күндері Алматы және Шымкент қалаларында баруға болады. Кіру тегін. Семинар курсынан өткеннен кейін тыңдаушыларға сертификат беріледі.
Мекен-жайлары:
Алматы қ., Ақсай ш. а., 62 а үй, 21 кеңсе, тел. 8 727 301 34 19, 8 747 911 30 31.
Шымкент қаласы: Жібек Жолы көшесі 392, тел. 8 707 147 56 09, 8 701 351 54 70.
e-mail: kosagroservice@mail.ru