2022 жылғы наурыз-маусым айларына күнбағыс дәндерін және 2022 жылғы наурыз-мамыр айларына күнбағыс майын шығаруға квота алу үшін өтінім қабылдау туралы хабарландыру

2022 жылғы наурыз-маусым айларына күнбағыс дәндерін және 2022 жылғы наурыз-мамыр айларына күнбағыс майын шығаруға квота алу үшін өтінім қабылдау туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 376 бұйрығына (бұдан әрі –   Бұйрық) енгізілген өзгертулерге сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылғы наурыз-маусым айларына күнбағыс дәндерін және 2022 жылғы наурыз-мамыр айларына күнбағыс майын шығаруға квота беруге өтініш қабылдайтынын хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу уақыты:

2022 жылғы 23 ақпанның сағат 9.00-ден 25 ақпанның сағат 18.30-ге дейін.

 Берілетін квота көлемі:

- күнбағыс дәндерін наурыз-маусым айларында шығаруға (СЭҚ ТН кодтары 1206 00 100 0, 1206 00 990 0) – 20 000 (жиырма мың) тонна (ай сайынғы көлемі – 5 000 тонна);

- күнбағыс майын наурыз-мамыр айларында шығаруға (СЭҚ ТН кодтары 1512 11 910 1, 1512 11 910 9, 1512 19 9002, 1512 19 900 9) – 114 000 (жүз он төрт мың) тонна (ай сайынғы көлемі – 38 000 тонна).

Тауарды шығаруға өтінім беруге рұқсат етілген ай сайынғы шегі келесі көлемнен аспауы қажет:

-күнбағыс тұқымы бойынша 1000 (бір мың) тоннадан,

-күнбағыс майы бойынша 6000 (алты мың) тоннадан артық болмауы тиіс.

Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне тауарларды әкетуге квота алу үшін өтінім беруші Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.

Әрбір өтінім беруші тиісті айға бір ғана өтінім береді.

Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) олардың негізінде тауарларды әкету жүзеге асырылатын келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері (уәкілетті банк (оның филиалы) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы берген есептік нөмірдің деректемелерін көрсете отырып, экспорт бойынша валюталық шарт үшін);

2) астық қолхатының немесе қойма мекенжайын көрсете отырып, күнбағыс тұқымын қоймада сақтау туралы құжаттың көшірмесі (өтінім беруші күнбағыс дәндерін әкетуге квота алу үшін ұсынады);

3) күнбағыс майын өндірушінің атынан күнбағыс майын әкеткен жағдайда күнбағыс майын өндірушіден контрагент-экспорттаушы туралы немесе заңды тұлға-өтініш берушінің үлестестігі туралы растау хат.

Бұл ретте, күнбағыс майын өндіруші контрагент-экспорттаушыға не үлестес заңды тұлғаға бір ғана растау хатын береді.

Өтінімдер (бірінші басшысы не өкілеттіктерін растайтын тиісті құжаттың негізінде уәкілетті адам қол қойған өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар) уәкілетті органның кеңсесі (Нұр-Султан, Мәңгілік Ел 8, Министрліктер үйі, 2 кіреберіс) арқылы қағаз түрінде немесе уәкілетті орган кеңсесінің office@minagri.gov.kz электрондық мекенжайына электрондық түрде PDF форматында беріледі.

Өтінімді жібергеннен кейін өтінімнің қабылдануы және тіркелуі туралы ақпаратты 8 (7172) 555-763 телефонға хабарласып, анықтау қажет.

Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) құжаттардың осы Бұйрықтың талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда өтінім берушіге хабарлама жіберу үшін өтінімде міндетті түрде электрондық мекен-жайды көрсету қажет.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің   2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 376 бұйрығымен бекітілген Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланған.

Күнбағыс дәндерін және күнбағыс майын шығаруға квота алу үшін өтінім нысандары қоса беріледі.

Қағидаларға сілтемелер:

https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/272062?lang=kk

2022 жылғы наурыз, сәуір, мамыр, маусым айларына күнбағыс дәндерін әкетуге квота алуға арналған өтінімнің нысаны