
2022 жылдың 16 ақпанында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев онлайн режимде азаматтарды қабылдау өткізді. Қабылдау барысында ведомство басшысы Қазақстанның түрлі өңірлерінен 7 азаматты қабылдап, олардың мәселелері мен ұсыныстарын қарады.
Қазақстандықтар министрге ауылдық аумақтарды және ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасы, азық-түлік қауіпсіздігі, агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін кредит беру жүйесінің қолжетімділігі, минералды тыңайтқыштардың бағасы, инвестициялар тарту мәселелері бойынша жүгінді.Сондай-ақ қабылдау барысында жер қатынастары мәселелері қозғалды.
Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған Ербол Қарашөкеев олардың әрқайсысы бойынша толық жауап берді. Ал қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелерді министр жеке бақылауға алып, тиісті тапсырмалар берді.