Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров азаматтарды қабылдады

Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров азаматтарды қабылдады

2022 жылғы 15 ақпанда ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауының жұмыс кестесіне сәйкес, азаматтарды қабылдады.

Вице-министрдің қабылдауына барлығы 9 адам келді, олар ауыл шаруашылығының проблемалық мәселелерін, атап айтқанда Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығымен айналысу жағдайы мен ғылыми негіздеме туралы сөз қозғады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау шаралары бойынша өздерінің нақты ұсыныстарын айтты.

Барлық көтерілген тақырыптар бойынша бірінші вице-министр толық жауап беріп, қабылдауда көтерілген сұрақтарды жеке бақылауына алатынын айтты.