2022 жылғы ақпан айына тауарларды (күнбағыс дәндері мен күнбағыс майы) шығаруға квота алу үшін өтінім қабылдау туралы Хабарландыру

2022 жылғы ақпан айына тауарларды (күнбағыс дәндері мен күнбағыс майы) шығаруға квота алу үшін өтінім қабылдау туралы Хабарландыру

 

 

«Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 376 бұйрығына (бұдан әрі –   Бұйрық) сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тауарларды (күнбағыс дәндері мен күнбағыс майы) шығаруға ақпан айына квота беруге өтініш қабылдайтынын хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу уақыты

2022 жылғы 3-4 және 7 ақпан сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

 

2022 жылғы ақпан айына берілетін квота көлемі:

- күнбағыс дәндеріне (СЭҚ ТН кодтары 1206 00 100 0, 1206 00 990 0) –5 000 (бес мың) тонна;

- күнбағыс майы (СЭҚ ТН кодтары 1512 11 910 1, 1512 11 910 9,1512 19 9002, 1512 19 900 9) – 16 000 (он алты мың) тонна.

Бір өтінім берушіге арналған тауарды әкетуге рұқсат етілген шегі:

-күнбағыс тұқымы бойынша 3000 (үш мың) тоннадан,

-күнбағыс майы бойынша 6000 (алты мың) тоннадан артық болмауы тиіс.

Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне тауарларды әкетуге квота алу үшін өтінім беруші Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.

Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері, олардың негізінде тауарларды әкету жүзеге асырылады (егер мұндай шарттың сомасы баламасы 50 000 (елу мың) Америка Құрама Штаттарының  долларынан асатын болса, экспортқа валюталық келісім үшін уәкілетті банк (оның филиалы) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы берген шот нөмірінің деректемелері);

2) астық қолхатының немесе қойма мекенжайын көрсете отырып, күнбағыс тұқымын сақтау туралы құжаттың көшірмесі (өтінім беруші күнбағыс тұқымын экспорттауға квотаны алу үшін ұсынады).

Өтінімдер (бірінші басшысы не өкілеттіктерін растайтын тиісті құжаттың негізінде уәкілетті адам қол қойған өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар) уәкілетті органның кеңсесі арқылы қағаз түрінде немесе уәкілетті орган кеңсесінің office@minagri.gov.kz электрондық мекенжайына электрондық түрде PDF форматында беріледі.

Өтінімді жібергеннен кейін өтінімнің қабылдануы және тіркелуі туралы ақпаратты 8 (7172) 555-763 телефонға хабарласып, анықтау қажет.

Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) құжаттардың осы Бұйрықтың талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда өтінім берушіге хабарлама жіберу үшін өтінімде міндетті түрде электрондық мекен-жайды көрсету қажет.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 376 бұйрығымен бекітілген Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары және өтінім нысаны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланған.

Өтінім нысанын жүктеу сілтемелері

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/243772?lang=ru

https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/243772?lang=kk