Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында онлайн қабылдау өткізді

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында онлайн қабылдау өткізді

«Nur Otan»  партиясының республикалық қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес 2021 жылы 22 желтоқсанда Ербол Қарашөкеев азаматтарды қабылдады. Министрдің қабылдауына 3 адам жазылды. Өтініш білдірген азаматтарды жайылымдарды алудың қолжетімділігі мен тетіктері, аграрлық несиелендірудің бағдарламалары мен шарттары, Жер заңнамасы, сондай-ақ фермерлік шаруашылықтарды дамыту мәселелері қызықтырды.

Барлық сұрақтар бойынша ауыл шаруашылығы министрі заңнамаға сәйкес түсініктеме берілді. Мәселен, азаматтардың жайылымдық учаскелерді алу тетіктері туралы сұрақтарына Ербол Қарашөкеев ҚР Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес, жер учаскелерін беру конкурс негізінде жүзеге асырылатынын айтты. Конкурстарды өткізу туралы хабарламалар мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ интернет-ресурстарда жарияланады.

Аграрлық несиелендіру мәселесі бойынша жүгінген азаматтарға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мал сатып алуға арналған қолданыстағы бағдарламаларына сәйкес «Сыбаға» бағдарламасы бойынша қаржыландыру алу шарттары туралы мәлімет берілді.

Министр көтерілген барлық мәселелер бақылауға алынатынына және өзінің қисынды шешімін табатынына сендірді.