
2021 жылы 21 желтоқсанда Ербол Қарашөкеев онлайн қабылдау өткізді.
Азаматтардың өтініштері ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламасының проблемалық мәселелеріне, АӨК несиелендіруге, сондай-ақ кадрлық мәселелерге қатысты болды. Қабылдауға барлығы 4 адам жазылды.
Ведомство басшысы барлық сұрақтар бойынша толық жауап беріп, сондай-ақ АӨК мемлекеттік қолдау шараларын алу мүмкіндіктері түсіндірілді.
Қажет болған жағдайда министр өзінің жеке бақылауына алуы үшін сұрақтар мен ұсыныстады жазбаша жіберуді сұрады.