Құрметті отандастар!

Құрметті отандастар!

Сіздерді шын жүректен мемлекеттік мереке  - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Бұл біздің мемлекетіміздің ең маңызды және құнды мерекесі.  Осыдан тура 30 жыл бұрын біздің халқымыз көп ғасырлық арманын жүзеге асырып, бүкіл халықаралық қоғамдастық нақты белгілеп, мойындаған аумақтары, дамыған экономикасы мен біртұтас халқы бар тәуелсіз, қуатты мемлекетке айналды!

Тарихи өлшем бойынша қысқа мерзім ішінде еліміз экономикада, ішкі және сыртқы саясатта елеулі табыстарға қол жеткізді.

Агроөнеркәсіптік кешен саласы да тұрақты дамып келеді. Ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламалары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Аграршылар мемлекет қамқорлығын сезінуі үшін барлық жағдай жасалып жатыр.

Тәуелсіздік күні - бұл мемлекеттің табысты дамуы мен нығаюына бағытталған бірлік мерекесі.

Осы мерейлі күні Сіздерге зор денсаулық, бақыт, молшылық, бейбітшілік және алға қойған мұрат-мақсаттарыңызға жетуді және Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі жолындағы барлық істер мен бастамаларыңызға табыс тілеймін

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев