ХАБАРЛАНДЫРУ 2021 жылғы желтоқсан айына тауарларды (күнбағыс дәндері мен күнбағыстың майын) шығаруға квота алу үшін өтініш қабылдау туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ 2021 жылғы желтоқсан айына тауарларды (күнбағыс дәндері мен күнбағыстың майын) шығаруға квота алу үшін өтініш қабылдау туралы

«Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 376 бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар тізбесі және Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары бекітілді.   

2021 жылғы желтоқсанға арналған квота көлемі:

- күнбағыс дәндеріне (СЭҚ ТН кодтары 1206 00 100 0, 1206 00 990 0) – 50 000 (елу мың) тонна;

- тазартылмаған күнбағыс майы (СЭҚ ТН кодтары 1512 11 910 1, 1512 11 910 9) және тазартылған күнбағыс майы (СЭҚ ТН кодтары 1512 19 9002, 1512 19 900 9) – 16 000 (он алты мың) тонна.

Бір өтініш берушіге арналған тауарды әкетуге рұқсат етілген шегі күнбағыс тұқымына – 3000 (үш мың) тоннадан, күнбағыс майына – 6000 (алты мың) тоннадан артық болмау керек.

Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне тауарларды әкетуге квота алу үшін өтінім беруші Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды әкетуге квота алуға өтінім береді. Әрбір өтінім беруші тиісті айға бір ғана өтінім береді.

Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері, олардың негізінде тауарларды әкету жүзеге асырылады (егер мұндай шарттың сомасы баламасы 50 000 (елу мың) Америка Құрама Штаттарының  долларынан асатын болса, экспортқа валюталық келісім үшін уәкілетті банк (оның филиалы) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы берген шот нөмірінің деректемелері);

2) астық қолхатының немесе қойма мекенжайын көрсете отырып, күнбағыс тұқымын сақтау туралы құжаттың көшірмесі (өтінім беруші күнбағыс тұқымын экспорттауға квотаны алу үшін ұсынады).

Өтінімдер (берушінің бірінші басшысы не өкілеттіктерін растайтын тиісті құжаттың негізінде уәкілетті адам қол қойған өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар) 2021 жылғы 20 желтоқсанның сағат 9:00-ден бастап 2021 жылғы 22 желтоқсанның сағат 18.00-ге дейін уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол түрде немесе уәкілетті орган кеңсесінің office@minagri.gov.kz электрондық мекенжайына электрондық түрде PDF форматында беріледі.

Өтінімді жібергеннен кейін өтінімді қабылдау және тіркеу туралы 8 (7172) 555-763 телефонға хабарласып, анықтау қажет.

Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда өтінім берушіге хабарлама жіберу үшін, өтінімде міндетті түрде электрондық мекен жайды көрсету қажет.

Сыртқы сауда қатысушылар арасында квота көлемі бұйрықтың Қағидаларының 8 тармағына сәйкес бөлінеді.

«Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 376 бұйрығымен бекітілген Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары және өтінім нысаны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланған.

 

Өтініш формасын жүктеу сілтемелері:

https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/243772?lang=ru

https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/243772?lang=kk