
2021 жылғы 29 қараша мен 6 желтоқсан аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде Ауғанстаннан, Вьетнамнан, Қытай Халық Республикасынан, Ресей Федерациясынан және Өзбекстаннан әкелінетін карантинге жатқызылған 1,1 мың тоннадан астам импорттық өнімді ұстады.
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары Қазақстан Республикасының аумағына фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді заңсыз әкелудің 59 фактісінің жолын кесті.
49 жағдайда Ресей Федерациясынан жалпы көлемі 665 тоннадан астам ұн, картоп, кәді, сәбіз, алма, мандарин, банан, кептірілген жемістер мен басқа да көкөністер мен жемістер, Вьетнамнан 39 тонна кешью және Өзбекстаннан 0,3 тонна құрма, жүзім, жоңышқа және қауын тұқымдары импорты кезінде фитосанитариялық сертификаттардың жоқтығы анықталды.
6 жағдайда 91,3 тонна бидай мен асқабақ тұқымын, Ресей Федерациясынан 1500 дана ағаш және Өзбекстаннан 18,01 құрма мен жүзім импорты кезінде карантинге жатқызылған өнім қайталама тексеруге ұсынылмаған.
1 жағдайда Ауғанстаннан 61 тонна кептірілген жемістерді әкелу кезінде фитосанитариялық талаптарға сәйкессіздік анықталды.
3 жағдайда 275 тонна грек жаңғағы, пекан жаңғағы және бадам импорты кезінде карантинге жатқызылған өнім жарамсыз фитосанитариялық сертификаттармен әкелінді. Нәтижесінде бұл жүктер импорттаушы елге қайтарылды.
Өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманың бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабы бойынша әкімшілік материалдар жасалып, 2,8 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Сонымен қатар, жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары өсімдіктер карантині саласында 5,7 мың бұзушылықты анықтады, нәтижесінде 428,4 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды.