
2021 жылдың 18 қарашасында, сағат 10.00-де Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының құрылғанына 65 жыл толуына арналған «Қарқынды егіншілік және абиотикалық және биотикалық күйзелістерге төзімділікке ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің селекциясы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Конференция жұмысына салалық министрліктердің өкілдері, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен компанияларының басшылары, отандық және шетелдік ғалымдар қатысады.
Конференция барысында бүкіл әлемнің ғылыми қоғамдастықтарының өкілдері жаһандық климаттың өзгеруі жағдайында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, АӨК салаларында цифрлық технологиялар элементтерін енгізу бойынша зерттеулердің нәтижелерімен бөліседі.
Өтетін орны: Ақмола облысы, Шортанды-1 кенті, А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы.
Өткізу режимі: офлайн, онлайн, ZOOM платформасы.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Іс-шараны жариялауға қатысқысы келетін БАҚ өкілдері аккредитацияға өтінімді еркін нысанда saule_kassenova60@mail.ru.электрондық поштасына жібере алады.
Іс-шара өтетін жерге БАҚ өкілдерін апару мақсатында арнайы көлік қамтамасыз етіледі. Автокөлік БАҚ өкілдерін Кенесары көшесі, 36 мекенжайы бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ғимаратының жанында сағат 08.00-де күтеді.
Қосымша ақпарат алу үшін 87016587885 бойынша Касенова Сауле телефонына хабарласуға болады.