ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің салалық ҮЕҰ өкілдерімен кездесуінің анонсы

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің салалық ҮЕҰ өкілдерімен кездесуінің анонсы

2021 жылы 18 қарашада сағат 17.00-де ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездеседі.

Кездесу Қазақстанның Х Азаматтық форумы аясында ұйымдастырылады. Қатысушылар «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасының мәселелерін, ветеринария жүйесін реформалау, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі мен үкіметтік емес сектордың өзара іс-қимылын талқылайды.

 Кездесуге ҮЕҰ өкілдері, қоғам қайраткерлері, азаматтық белсенділер, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

Іс-шара YouTube-арнасында және Қазақстанның Азаматтық форумының Facebook-тегі парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Қосымша ақпаратты 8 (7172) 555-765 телефоны арқылы алуға болады.