ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» РММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» РММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

2021 жылы 11 қарашада ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» РММ  Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті қызметкерлерінің, мемлекеттік комиссияның орталық аппараты мен облыстық филиалдарының басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерінің негіздері бойынша республикалық кеңес өткізді.

Іс-шара барысында мемлекеттік комиссия өкілі облыстық және өңірлік маңызы бар 15 мемлекеттік мекеме қосылу жолымен қайта ұйымдастырылғанын және филиалдар қызметкерлерінің қаржылық құжаттарға қол қою құқығынсыз бірыңғай баланс ұстаушы қағидаты бойынша филиалдарға қайта құрылғанын хабарлады. Бұл шаралар бухгалтерлік есепті жүргізуді оңтайландыру, оның дұрыстығын, ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін қабылданды.

Құжаттарды қабылдау және сынақ нәтижелерін беру рәсімдерін оңтайландыру және жетілдіру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызметін көрсету процесі автоматтандырылды, өтінімді қарау мерзімі 44 күннен 10 күнге дейін қысқартылды.

Жалпы, мемлекеттік комиссия тұрақты негізде елдің сұрыпты сынау жүйесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін қажетті шараларды әзірлеп, енгізеді.