ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешеннің барлық қатысушыларымен ашықтық пен сындарлы өзара іс-қимыл бағытын жалғастырады - Ербол Қарашөкеев

ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешеннің барлық қатысушыларымен ашықтық пен сындарлы өзара іс-қимыл бағытын жалғастырады - Ербол Қарашөкеев

2021 жылғы 15 қазанда ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанның Фермерлер одағының мүшелерімен кездесті. Ведомство басшысы жиналғандармен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады.

"Мен тікелей жерде бетінде жұмыс істейтін адамдармен АӨК-тің күрделі мәселелерін талқылау үшін, сіздердің саланың дамуын қалай бағалайтыныңызды, көріп отырғаныңызды тыңдау, бәлкім, дамыту, қолдауды қажет ететін оң сәттерді тыңдау үшін пайдаланғым келді", - деді Ербол Қарашөкеев.

Министр өз сөзінде Фермерлер одағының мүшелеріне жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы айтып, ҚР Үкіметі бекіткен 2021-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі Ұлттық жобаға егжей-тегжейлі тоқталды.

"Тек осындай ашық диалогқа құрылған  кездесулер ғана  алдымызға Президент қойған мақсаттарға жетуге көмектеседі. Біз үшін ауыл шаруашылығы саласындағы ахуалдың қалай болып жатқанын жақсы білетін адамдар ретінде сіздерден кері байланыс алу өте маңызды" - деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.

Өз кезегінде фермерлер ведомство басшысының назарын саланың дамуын тежейтін және АӨК жұмысшыларын  алаңдататын бірқатар мәселелерге аударды.

"Министрлік сіздердің тілектеріңіз бен қойған сұрақтарыңызды назардан тыс қалдырмайды және алдағы уақытта агроөнеркәсіптік кешеннің барлық қатысушыларымен ашықтық пен сындарлы өзара іс - қимыл бағытын жалғастыратын болады", - деді ведомство басшысы.

Кездесу соңында министр мұндай кездесулер тұрақты түрде болатын айтты