
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев "Qazaq radiosy" ұжымын құрылғанына жүз жыл толуымен құттықтады. Ведомство басшысы тікелей эфирге қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Өз құттықтау сөзінде министр "Біз Қазақ радиосын тыңдап өскен ұрпақпыз және оны мақтан тұтамыз!" - деп атап өтті. Қазақ радиосы медиа - сала көшбасшыларының бірі болып табылатынын және отандық бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуда, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуде маңызды рөл атқаратынын жеткізді.
«Qazaq radiosy» - "Қазақстан" РТРК АҚ құрамына кіретін мемлекеттік ақпараттық, ойын-сауық радиостанциясы. Қазақ АССР Халық комисарлары Кеңесі 1921 жылдың 29-шы қыркүйегінде республикалық радиохабарларын таратуды құру жөнінде шешім қабылдады. Қазақстанның сол кездегі астанасы – Орынбор қаласынан қазан айынан бастап республикаға трансляция беріле бастады.