
Форвардтық сатып алу шарттары бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің қайтарылуын қамтамасыз ету шеңберінде «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ келесі бағаларды жариялады:
қатты бидай – қосымша құн салығын қосқанда 200 000 теңге;
сұлы - қосымша құн салығын қосқанда 70 000 теңге;
майлы зығыр тұқымы - қосымша құн салығын қосқанда 300 000 теңге;
рапс - қосымша құн салығын қосқанда 250 000 теңге.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ағымдағы нарық конъюнктурасына сәйкес нарықтық бағаны белгіледі. Бұл ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге қуаңшылық пен өнімділіктің жалпы төмендеуіне байланысты шығындарды өтеуге мүмкіндік береді.
2021 жылы Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды кеңейтті. Сатып алынатын дақылдардың тізбесі 4-тен 9 дақыл түріне дейін кеңейтілді (жұмсақ бидай, қатты бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, күнбағыс тұқымдары, майлы зығыр тұқымдары, рапс және соя), бұл әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауардың 12 түрінің бағасын тұрақтандыруға көмектеседі.
Форвардтық сатып алу шарттарын орындау бойынша қосымша ақпаратты келесі мекенжайлар бойынша алуға болады:
Ақмола облысы: Көкшетау қ., Нұрсұлтан Назарбаев көш., 19, тел. (8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 55-11-52, 42-25-22;
Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен қ., Бейбітшілік көш., 30, 206 кеңсе, тел. (8-723-2) 25-44-77, 56-06-57;
Қостанай облысы: Қостанай қ., Тәуелсіздік көш., 147, тел. (8-714-2) 53-11-44, 53-39-64, 53-29-12;
Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қ., Партизанская көш., 160, тел. (8-715-2) 42-27-24, 42-27-23, 42-26-36.