
«Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2021 жылғы 20 тамыздағы № 246 бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар тізбесі және Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары бекітілді.
2021 жылдың қазанға арналған квота көлемі:
- күнбағыс дәндеріне (СЭҚ ТН кодтары 1206 00 100 0, 1206 00 990 0) - 7500 (жеті мың бес жүз) тонна;
- тазартылмаған күнбағыс майы (СЭҚ ТН кодтары 1512 11 910 1, 1512 11 910 9) және тазартылған күнбағыс майы (СЭҚ ТН кодтары 1512 19 9002, 1512 19 900 9) – 18 554 (он сегіз мың бес жүз елу төрт) тонна.
Сыртқы сауда қатысушылар арасында квота көлемі бұйрықтың 1- қосымшасының 7 тармағына сәйкес бөлінеді.
Қазан айына тауардың ішкі нарыққа кепілді жеткізілімдері бойынша талаптар белгіленбейді.
Өтінімдер хабарландыру жарияланған сәттен бастап 2021 жылдың 17 қыркүйегі сағат 18:00-ге дейін PDF форматында уәкілетті органның кеңсесі арқылы office@minagri.gov.kz электрондық пошталық мекен жайға қабылданады. Өтінімді жібергеннен кейін өтінімді қабылдау және тіркеу туралы 8 (7172) 555-763 телефонынан анықтау қажет.
Бұйрыққа 1-қосымшасының 5-тармағына сәйкес белгіленген нысанға сәйкес келмейтін, толық емес немесе дұрыс емес ақпараты бар, сондай-ақ белгіленген мерзім өткеннен кейін берілген өтінімдер қаралмайды.
Өтініштерді қабылдайтын уәкілетті органның жауапты тұлғасының байланыс деректері mukhametzhanova.m@minagri.gov.kz, тел. 8 (7172) 555-886.
«Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2021 жылғы 20 тамыздағы № 246 бұйрығымен бекітілген Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары және өтінім нысаны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланған.
Өтініш формасын жүктеу сілтемелері:
https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/205389?lang=ru
https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/205389?lang=kk
* Ескертпе-өтінімдер басшының қолы және компанияның мөрі бар ілеспе хатпен, сондай-ақ ағымдағы жылғы қыркүйек айында квоталар алынған тауардың нақты тиелген көлемдері көрсетіле отырып жіберіледі.