
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған конкурстардың қорытындысын жариялайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясы отырысының 2021 жылғы 10 тамыздағы хаттамасына сәйкес конкурстардың жеңімпаздары болып қосымшада көрсетілген ұйымдар анықталды.
Толығырақ ақпарат gov.kz сайтында орналасқан, қосымша ақпарат алу үшін (8-7172) 55-59-73 телефонына хабарласуға болады.