
«Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2021 жылғы 20 тамыздағы № 246 бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар тізбесі және Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары бекітілді.
2021 жылдың қыркүйегіне арналған квота көлемі:
- күнбағыс дәндеріне (ТН ВЭД кодтары 1206 00 100 0, 1206 00 990 0) - 7500 (жеті мың бес жүз) тонна;
- тазартылмаған күнбағыс майы (ТН ВЭД кодтары 1512 11 910 1, 1512 11 910 9) және тазартылған (ТН ВЭД кодтары 1512 19 900 2, 1512 19 900 9) - 16000 (он алты мың) тонна.
Сыртқы сауда қатысушылар арасында квота көлемі бұйрықтың 1- қосымшасының 7 тармағына сәйкес бөлінеді.
Өтінімдер хабарландыру жарияланған сәттен бастап 2021 жылдың 8 қыркүйегі сағат 18:00-ге дейін PDF форматында уәкілетті органның кеңсесі арқылы Offise@minagri.gov.kz электрондық пошталық мекен жайға тел. 8 (7172) 555-763 қабылданады.
Өтініштерді қабылдайтын уәкілетті органның жауапты тұлғасының байланыс деректері mukhametzhanova.m@minagri.gov.kz, тел. 8 (7172) 555-886, ұялы телефон + 7 7078180182.
Мерзімі аяқталғаннан кейін берілген өтінімдер қаралмайды. Жоғарыда көрсетілген бұйрықта көзделген жағдайда өтінімдерді қайта қабылдауды ерекше жағдай болып табылады.
«Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2021 жылғы 20 тамыздағы № 246 бұйрығымен бекітілген Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары және өтінім нысаны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланған.
Өтініш формасын жүктеу сілтемелері:
https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/205389?lang=kk