
Қазақстанда органикалық өнім өндіруді заңнамалық реттеу «Органикалық өнім өндіру туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаудан басталды.
Заң топырақты ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесуге және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған органикалық өнім өндірудің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін айқындайды.
Қазақстанның органикалық ауыл шаруашылығын дамыту үшін кең мүмкіндіктері бар. Еуропалық комиссияның ресми деректері бойынша 2018-2019 жылдар маусымының қорытындысына сәйкес, Қазақстан органикалық агроазық-түлік өнімдерінің экспорты бойынша Еуропалық Одаққа мүше елдерге органикалық өнімді экспорттайтын 123 елдің ішінде 9-шы орында тұр.
Қазақстанның негізгі органикалық агроазық-түлік өнімі бидай мен зығыр болып табылады. Органикалық бидай бойынша Қазақстан Еуропалық Одақ елдеріне экспорттаушы елдер арасында 4-ші орында, ал майлы зығыр тұқымдары бойынша 6-шы орында.
2019 жылы Қазақстанда органикалық сертификатталған жерлердің ауданы 294289 га құрады, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 100 мың га артық. Қазақстан органикалық сертификатталған жерлер ауданы бойынша 26-орынды, Еуропалық Одаққа астық жеткізу бойынша 12-орынды және Еуропалық Одаққа май тұқымдарын жеткізу бойынша 10-орынды иеленеді.
2020 жылы органикалық өнім экспортының географиясы кеңейді – алғаш рет Финляндия мен Румынияға жеткізілімдер болды.
Қазақстандық органикалық өнім өндірушілер атынан «Органикалық өнім өндірушілер одағы» ЗТБ Органикалық ауыл шаруашылығы қозғалысының халықаралық федерациясының (IFOAM) мүшелері болып табылады.
Бұдан басқа, Қазақстан органикалық мал шаруашылығы өсуінің жоғары әлеуетімен сипатталады. Сонымен, негізгі мал басы органикалық өндірістің негізгі компоненттерінің бірі болып табылатын еркін жайылымда. Жануарлардан алынатын органикалық өнімдердің бірегей түрлері ретінде бие сүтінен «қымыз», түйе сүтінен «шұбат» және басқа да ұлттық қышқыл сүт сусындары қарастырылуы мүмкін.
Қазіргі уақытта, органикалық өнім өндірісін дамытуға бағытталған жұмыс жүргізілуде (органикалық өнім өндірушілерді сертификаттауға байланысты шығындарды өтеуге экспортқа бағдарланған экологиялық таза ауыл шаруашылығын Алматы және Жамбыл облыстарында жаппай қолдануды қолдау жөніндегі пилоттық бағдарламаны іске асыру). Мәселен, органикалық ауыл шаруашылығын дамыту Қазақстан Республикасының органикалық өнімінің ішкі нарығын қалыптастыруға, оның экспортын ұлғайтуға, халықты сауықтыруға, экологиялық ортаны жақсартуға, адам денсаулығы үшін қауіпсіз тамақ өнімдерін өндіруге жәрдемдесуге мүмкіндік береді.
Тұтастай алғанда, органикалық ауыл шаруашылығын дамытуға салынған іргетас АӨК саласындағы озық әзірлемелерді көрсету, тәжірибе алмасу және отандық және шетелдік аграршылар арасындағы іскерлік байланыстарды дамыту үшін тиімді алаңға айналды.