Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2021 жылғы 19 шілдедегі № 214 «Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде кедендік баждарды төлемей, жалпы көлемі 42 328,461 тоннадан аспайтын құрамында қанты бар өнімдерді өндіруге ғана арналған ақ қантты (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 1701 99 100) және өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын (ЕАЭО СЭҚ ТН 1701 13, 1701 14 кодтары) әкелуге өтінімдерді қосымша қабылдауды жүзеге асырады.
Өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу уақыты:
2021 жылғы 17 тамызда сағат 9.00-ден 2021 жылғы 24 тамызда сағат 18.30-ға дейін.
Құжат нысандарын жүктеу сілтемесі: