Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 214 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі құрамында қанты бар өнімдерді өндіруге арналған ақ қантты (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 1701 99 100) және өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 1701 13, 1701 14) Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде кедендік баждарды төлемей, Қазақстан Республикасына 134 400 тоннадан аспайтын жиынтық көлемде әкелуге өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады.
Өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу уақыты:
2021 жылғы 26 шілде сағат 9.00-ден бастап 2021 жылғы 3 тамыз сағат 18.30-ға дейін.