Қазақстандық сүт өнімдерін өндірушілер цифрлық таңбалау процесін белсенді түрде зерттеуде

Қазақстандық сүт өнімдерін өндірушілер цифрлық таңбалау процесін белсенді түрде зерттеуде

2019 жылғы наурызда ел Президенті Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды таңбалау және бақылау туралы келісімді ратификациялағаны белгілі.

Өткен жылы Ресей Федерациясы Еуразиялық экономикалық комиссияға өз аумағында тауарларды таңбалауды кезең-кезеңімен енгізу туралы хабарлама енгізді. Кейінірек бұл процеске Беларусь Республикасы да қосылды.

Мәселен, қазақстандық сүттің Кеден одағы нарығында бәсекеге қабілеттілігі үшін ҚР Үкіметі таңбалау құралын енгізу мәселесін де қарастыруда.

Реттеуші құрал ретінде таңбалау бизнес тарапынан кері іс-қимыл жасау қажеттігін ескере отырып, Кәсіпкерлік кодекс пен «Сауда қызметін реттеу туралы» Заң міндетті түрде пилоттық жобаны жүргізуді және реттеушілік әсерге талдау енгізуді белгіледі.

Осы мақсаттар үшін 2020 жылдың қазан айында бірқатар сүт кәсіпорындарының алаңдарында цифрлық таңбалау процестерін сынақтан өткізе отырып, пилоттық жобалар басталды.

Пилоттық жобаның мақсаты қажетті таңбалау жабдығын іріктеу, ұлттық таңбалау жүйесінің жұмысын сынақтан өткізу, таңбалауға әкеп соғатын барлық жаңалықтардың құнын есептеу болып табылады.

Өз кезегінде, тауарларды цифрлық таңбалау сапасыз өнімдермен күресудің негізгі құралы болып табылады:

- мерзімі өткен тауардың істен шығуы кассалық аппаратпен бұғатталады;

- таңбаланған өнімді сатып алушы мобильді қосымшаның көмегімен бұзушылықтар туралы сигнал бере алады;

- өнімді бұрмалау мүмкін болмайды.

Бұл шаралар нарықты «ағартуға» және қазақстандық тұтынушыны сапасыз өнімдерден қорғауға көмектеседі.

Сонымен қатар, таңбалау процесі тауарларды өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін бақылауды қамтамасыз етеді, өйткені өнімнің барлық логистикасы таңбалау жүйесінде көрінеді. Таңбалау кодтары тауардың әрбір бірлігі үшін беріледі.

Бизнес өз кезегінде жосықсыз бәсекелестіктің алдын алу және жолын кесу түрінде пайда көреді, тауарлардың қозғалысын есепке алу рәсімдерін біріздендіреді, сондай-ақ жалған тауарға қарсы күрес бойынша қосымша құрал алады.

Бұдан басқа, өндірушілердің шығындарын азайту үшін ірі бизнес үшін шығындарды 40%-ға дейін, орта және шағын бизнес үшін тиісінше 60%-ға дейін және 80%-ға дейін (бірақ 30 000 АЕК-тен аспайтын) өтеу шаралары пысықталуда. Бұл жоба қазіргі уақытта орталық мемлекеттік органдарда келісуден өтуде.

Естеріңізге сала кетейік, тауарларды цифрлық таңбалау Еуразиялық экономикалық одақ аумағында жүзеге асырылатын ұлтаралық жоба болып табылады. ҚР-да 2020 жылдың 1 қазанынан бастап темекі өнімдерін міндетті цифрлық таңбалау енгізілді. 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап аяқ киімді міндетті түрде таңбалау басталады. Қазіргі уақытта сүт саласынан басқа, алкогольді, фармацевтикалық препараттарды, оралған суды және құрамында қант бар сусындарды, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп тауарларын сандық таңбалау бойынша пилоттық жобалар жоспарлануда.