
Ауыл шаруашылығы министрлігі ведомства жанынан құрылатын «Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі» құрамына мүшелікке жеке және заңды тұлғаларды шақырады. Кеңес құрамына үміткерлер туралы ақпаратты а.ж. 19 шілдесіне дейін minagripress@gmail.com электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.
Қосымша сұрақтар 555-765 нөмірі бойынша
Қысқаша анықтама:
Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі – үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы Министрлік жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Кеңес 2005 жылғы 12 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар» туралы Заңның 4-2 бабына сәйкес құрылуда.