ҚР АШМ ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподағымен келісімге қол қойды

ҚР АШМ ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподағымен келісімге қол қойды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аппарат басшысы М.А. Оразаевтың төрағалығымен «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі, бизнес-құрылымдар және салалық қауымдастықтар өкілдерінің қатысуымен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі және ауыл шаруашылығы саласындағы салалық қауымдастықтар арасында 2021-2023 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешендегі салалық келісімге қол қойды.