Сапархан Омаров азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Сапархан Омаров азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Азаматтарды қабылдау онлайн режимде өтті, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы министрінің онлайн қабылдауына елорда мен Ақтау қаласының тұрғындары жазылды. Олардың өтініштері сатып алған ауыл шаруашылығы техникасына инвестициялық субсидия алу мәселелеріне қатысты болды.

Өтініш берушілерге құқықтық негізде мемлекеттік қолдау шараларын алу мүмкіндіктері түсіндірілді.