
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар жобаларын және 2020 жылға арналған бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді жария талқылаудың басталуы туралы хабардар етеді.
2022-2024 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар жобалары Министрліктің ресми интернет ресурсында: «www.gov.kz» - «Қызметі» - «Бюджет» - «Бюджеттік бағдарламалар», сонымен бірге Ашық бюджеттер интернет-порталында: «www.egov.kz» - «Ашық үкімет» - «Ашық бюджеттер» - «Ауыл шаруашылығы министрлігі» - «Бюджеттік бағдарлама» - «Қоғамдық кеңеске берілген» бөлімінде орналастырылған.
2020 жылға арналған бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есеп Министрліктің ресми интернет ресурсында: «www.gov.kz» - «Қызметі» - «Бюджет» - «Азаматттық бюджет» - «Орындалу сатысындағы бюджет»-«2020»-«2020 жылғы бюжеттік бағдарламаладың (кішібағдарламалардың) жүзеге асырылу туралы ақпараттар», сонымен бірге Ашық бюджеттер интернет-порталында: «www.egov.kz» - «Ашық үкімет» - «Ашық бюджеттер» - «Ауыл шаруашылығы министрлігі» - «Бюджеттік бағдарлама» - «Іске асыру туралы есеп» бөлімінде орналастырылған.