
Бүгін Әуезов, Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарының арықтарынан су аға бастады. 30 шілдеге дейін басқа аудандардың арықтарына су жіберу жұмыстары толық аяқталады.
Б. Сағынтаев өзінің Instagramдағы аккаунтында хабарлағандай, «не себепті арықтарда су болмаған, ал шлюздердің жабық болуы тіпті түсініксіз».
Алматының Жасыл экономика басқармасының мәліметі бойынша қаланың арық жүйесі көпфункционалды, жауыннан қалған тоспа суларды ағызумен қатар суғару жүйесін де атқарады.
Аптап ыстык кезінде жайлы микроахуал қалыптастыру үшін кіші өзендерден қаланың арық желілеріне су жіберіледі.
Мысалы, Кіші Алматы өзенінен бас арық арқылы су Пушкин, Қонаев, Төлебаев, Назарбаев, Байсейітова, Абылай хан, Желтоқсан, Наурызбай батыр, Сейфуллин, Амангелді, Масанчы, Байтұрсынов, Шагабутдинов көшелеріндегі меридианды арық желісімен көлденең орналасқан көшелер бойымен аға бастайды.
Қаланың батыс бөлігіне су Үлкен Алматы өзенінің М-1 и М-2 каналдары арқылы Әл-Фараби даңғылын, Сайын, Жандосов, Жароков, Гагарин, Навои, Розыбакиев, Әуезов, Тимирязев, көшелері мен Алтынсарин даңғылын қамтып, әрі қарай арық желілері бойынша ағады.
Орталық мәдениет және демалыс паркі Жарбұлақ өзені арқылы суғарылады.
«Су жібергеніміз, жақсы жаңалық. Қала қызметтері, әрине өздерінің жұмыстарын атқарып, арық жүйесін ретке келтіретін болады. Бірақ біз бәріміз қоқыстарды лақтырып, арқытарды ластауға тиіс емеспіз. Бұл менің қалалықтарға жасаған өтінішім»-, деп алматылықтарға ұсыныс жасады қала әкімі.