
Құрметті БАҚ өкілдері!
Ертең, 2021 жылдың 25 наурызы күні Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы болады.
Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 10:00-де басталады.
Санитарлық нормаларды сақтау қажеттілігіне байланысты комиссия жұмысын Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтынан және Facebook парақшасынан онлайн көре аласыздар. Бұдан бөлек, «Хабар24» телеарнасы комиссия отырысынан тікелей қосылымдар ұсынатын болады.
Сондай-ақ, министрліктің баспасөз қызметі Telegram каналына Жер реформасы жөніндегі комиссияның қызметі туралы хабарламалар жариялайды. Осыған байланысты БАҚ қызметкерлерін @Agropresskz (https://t.me/Agropresskz) арнасына жазылуға шақырамыз.
Анықтама телефон нөмірлері: +7 (7172) 55-57-65; +7 (775) 224 48 36