Қадірменді ағайын!

Қадірменді ағайын!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әз-Наурыз – жаңашылдық пен жақсылықтың жаршысы. Осы бір шақта тіршілік атаулы түгел жанданып, табиғат мамыражай күйге енеді.

Халқымыз ежелден жыл басын үлкен үмітпен, ерекше қуанышпен қарсы алған. Табиғатқа етене жақын ауыл жұрты қызу еңбекке кірісетін мезгіл. Мал төлдеп, халықтың аузы аққа тиеді. Дихандар күзде жинайтын өнімінің дәнін егеді. Наурыз – осындай игі істердің бастауы, мейірім мен ізгіліктің мерекесі!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін!

Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы

 министрі Сапархан Омаров