ҚР Үкіметі мен Valmont Industries ТҰК АӨК саласында инвестициялық ынтымақтастықты іске асыру туралы құжатқа қол қойды

ҚР Үкіметі мен Valmont Industries ТҰК АӨК саласында инвестициялық ынтымақтастықты іске асыру туралы құжатқа қол қойды

Жерлерді суару саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру бойынша Өзара түсіністік туралы Меморандумға ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров пен Valmont Industries президенті, бас директоры Cтив Каневски қол қойды. 

Жоба суару, су ресурстарын ұтымды пайдалану, жем-шөп өндіру, фермерлерді оқыту мен тренинг өткізу, білікті кадрлар даярлау саласындағы озық технологиялар трансферті бойынша фермалар желісін құруға бағытталған. Заманауи ирригациялық қондырғылар ұсынылатын алаңдарды Ақмола және Түркістан облыстарында құру жоспарланған. 

Өз кезегінде, Valmont Industries, Global Beef (АҚШ) және Kusto Group (ҚР)  арасында қол қойлыған келісімнің мақсаты - Қазақстанда қуаттылығы жылына кемінде 1000 жүйе болатын, инвестициялар көлемі $50 млн құрайтын заманауи ирригациялық қондырғыларды шығаратын зауыт салу бойынша бірлескен кәсіпорын құру.