ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті

ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті

Оның құрамына Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірінші басшылары, белгілі қоғам қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың, депутаттық корпустың, ғылым мен агробизнестің өкілдері кірді.
Отырыс барысында президиум, Қоғамдық кеңестің төрағасы және хатшы сайланды.
Ашық дауыс беру жолымен кеңес төрағасы болып Отаров Қадырхан Махмұтұлы бірауыздан сайланды.
Сондай-ақ Кеңес туралы ереже және тұрақты жұмыс істейтін салалық комиссиялар бекітілді, оның құрамына АӨК түрлі салаларында тәжірибесі бар сарапшылар кірді.
Қоғамдық кеңестер консультативтік-кеңесші және бақылаушы органдар болып табылады, олардың ұсыныстарын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау кезінде әзірлеуші міндетті түрде есепке алады.