Ақмола облысының егіс алқаптарында отандық егін егу кешендері жұмыс істейді

Ақмола облысының егіс алқаптарында отандық егін егу кешендері жұмыс істейді

Еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі шаралардың бірі отандық фермерлерді суармалы егіншіліктің қазіргі заманғы технологияларын қолдана отырып, қазіргі заманғы өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығы техникасымен техникалық қайта жарақтандыру болып табылады.

Қолданыстағы машина-трактор паркі 70% - ға тозған, ал нақты жаңарту деңгейі тек 3,5% - ды құрайды (нормативтік жағдайда 8-10%).

Осыған байланысты мемлекеттік қолдау ресурстары бар ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өндіруші елге байланыстырмай сапалы және қазіргі заманғы техникаға қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағыттау туралы шешім қабылданды. Мәселен, отандық және шетелдік өндірістің техникасы инвестициялық шығындарды субсидиялау бағдарламасы аясында тең жағдайда субсидияланады, яғни фермер ауыл шаруашылығы техникасын сатып ала отырып, өндіріс еліне қарамастан оның құнынан 25% субсидия алатын болады

Өткен жылы Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ-тың екі мемлекет басшыларының кездесуінде ҚР аумағында америкалық "Amity Technology" компаниясының егіс кешендерін бірлесіп өндіру туралы келісімге қол қойылды.

Осы жобаны іске асыру үшін "Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорациясы" ЖШС (ҚАИК) мен "Amity Technology" американдық компаниясы арасында 13 бірлік көлемінде егіс кешендерінің машина жиынтықтарының бірінші партиясын жеткізуге бірқатар келісім-шарттар жасалды, сондай-ақ берілетін өндіріс құпияларын (ноу-хау) және техникалық құжаттаманы қолдана отырып, егіс кешендерін құрастыру өндірісіне өндіріс технологиясын пайдалану құқығына лицензиялық келісім жасалды.

Машина жиынтықтарының бірінші партиясы ҚАИК құрастыру өндірісіне әкелінді, біздің ауыл шаруашылығы өндірушілеріне тікелей сату жолымен, сондай-ақ "ҚазАгроФинанс" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ және т. б. арқылы қаржыландыру есебінен жиналды және іске асырылды.

Бүгін Ақмола облысы маңында орналасқан шаруашылықпен танысу барысында осы егіс кешендері көрсетілді. Фермерлер оң баға беріп, шаруашылықта жеткізілетін техника желісін кеңейтуді көздеп отыр. 

"КАИК" ЖШС және "Amity Technology" қол жеткізген жетістіктерімен тоқтамай, әрі қарай "Amity Technology"маркалы Қазақстанда шығарылатын техниканың көлемі мен номенклатурасын ұлғайтуда бірлескен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті.