
2019 жылдың 29 мамырында қазақстандық делегация агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін екі жақты сату мәселесін талқылау үшін Еуропалық Одақтың Денсаулық сақтау және тамақ қауіпсіздігі Бас директоры өкілдерімен кездесті. Қазақстан тарапынан кездесуге ауыл шаруашылығы вице-министрі Г. Исаева қатысты. Еуроодақ атынан тағам өндірушілер және халықаралық қатынастар департаментінің директоры м.а. Мэтью Хадсон, екі жақты халықаралық қатынастар басқармасының басшысы Коэн Ван Дюк және осы басқарманың сарапшысы Андреа Диониси қатысты.
Қазақстандық тарап ЕО өкілдеріне Еуразиялық экономикалық одақтың таяудағы шешімі, ветеринарлық бақылауға жататын тауарларды қадағалаудың қазақстандық жүйесін мойындау туралы хабарлады. Бұл шешім Қазақстанның ДСҰ алдында ЕО-ҚР 13 ветеринарлық сертификаттарын пайдалану бөлігінде өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, қазақстандық тарап Еуропалық комиссиямен ЕО елдеріне қазақстандық бал экспортының ашылуына арналған рәсімдерді талқылады, оның басты шарттарының бірі қалдық заттар мониторингінің ұлттық бағдарламасы болып табылады.
Айта кету керек, бүгінгі күні Қазақстан балды Қытайға және Парсы шығанағы елдеріне және балық пен балық өнімдерін Еуроодақ елдеріне белсенді экспорттайды.