Жапония жылқы етін Қазақстаннан әкелуге қызығушылық танытуда

Жапония жылқы етін Қазақстаннан әкелуге қызығушылық танытуда

2019 жылдың 26 ​​мамырында ХЭБ Бас Ассамблеясы барысында вице-министр Исаеваның төрағалығымен қазақстандық делегация Жапония делегациясының өкілдерімен кездесті. Жапония делегациясын Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы министрлігінің өкілі, азық-түлік қауіпсіздігі және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Норио Кумагай басқарды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Жапон бизнес өкілдері Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Қазақстаннан Жапонияға жылқы етін экспорттау жөніндегі жапон ветеринарлық қызметімен келіссөздер жүргізуді сұраған болатын.

Қазақстандық ветеринарлық қызмет қажетті материалдарды дайындап, жапондық әріптестеріне жіберді.

Жапон жағы Қазақстаннан Жапонияға экспорттау үшін жылқы етінің ветеринариялық сертификатының стандартының тиімділігін бағалау үшін сауалнама алуды растады. Ветеринарлық қызмет ветеринариялық сертификаттың жобасын алдын ала мақұлдады.

Дегенмен, жапондық заңға сәйкес, Қазақстан туралы ақпарат Жапонияның Еңбек және денсаулық сақтау министрлігі тарапынан қарастырылады. Мемлекеттік органнан оң қорытынды алғаннан кейін, жапондық тарап ветеринарлық сертификатпен келісуге дайын.