Қазақстан Моңғолияға экспорттау үшін құс еті, жұмыртқа, тірі мал мен генетикалық материалды экспорттауға ветеринариялық талаптарды бекітті

Қазақстан Моңғолияға экспорттау үшін құс еті, жұмыртқа, тірі мал мен генетикалық материалды экспорттауға ветеринариялық талаптарды бекітті

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының 87-ші Жалпы отырысында 2019 жылдың 26-27 мамырында қазақстандық делегация Монғолия делегациясының өкілдерімен кездесулер өткізді. 
Моңғол тарапынан кездесуге 11 өкіл қатысты: делегация басшысы ауыл шаруашылығы вице-министрі Сәуле Жаңылхан, Бас Мемлекеттік ветеринарлық инспектор Д. Тумэндэмбэрэл, Моңғолия ветеринарлық университетінен Г. Алтангарел, Ветеринарлық басқармасының бастығы В.Батсух және басқалар.
Қазақстан Республикасының делегациясын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі Исаева Г.С. басқарды.
Кездесулердің қорытындысы бойынша тараптардың ветеринарлық қызметтері арасында хаттама жасалды және қол қойылды. Қазақстаннан Моңғолияға экспорттауға арналған келесі ветеринарлық сертификаттар: құс еті, тауық жұмыртқасы, мал, генетикалық материал (бұқалық семен) келісілді.