
Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының 87-ші Жалпы отырысында 2019 жылдың 26-27 мамырында қазақстандық делегация Монғолия делегациясының өкілдерімен кездесулер өткізді.
Моңғол тарапынан кездесуге 11 өкіл қатысты: делегация басшысы ауыл шаруашылығы вице-министрі Сәуле Жаңылхан, Бас Мемлекеттік ветеринарлық инспектор Д. Тумэндэмбэрэл, Моңғолия ветеринарлық университетінен Г. Алтангарел, Ветеринарлық басқармасының бастығы В.Батсух және басқалар.
Қазақстан Республикасының делегациясын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі Исаева Г.С. басқарды.
Кездесулердің қорытындысы бойынша тараптардың ветеринарлық қызметтері арасында хаттама жасалды және қол қойылды. Қазақстаннан Моңғолияға экспорттауға арналған келесі ветеринарлық сертификаттар: құс еті, тауық жұмыртқасы, мал, генетикалық материал (бұқалық семен) келісілді.