
2019 жылдың 27 мамырында қазақстандық делегация Сингапурдағы ветеринарлық қызметтің өкілдерімен кездесті. Кездесудің мақсаты Қазақстаннан ет және ет өнімдерін Сингапурға экспорттау туралы болды.
Сингапур тарапынан кездесуге Сингапурдың мал шаруашылығы және ветеринарлық қызметтерінің Бас директоры Яп Хим Хо және Сингапурдың азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Агенттігі директорының орынбасары қатысты.
Қазақстан делегациясын Ауыл шаруашылығы вице-министрі Исаева Г.С. басқарды.
Сингапур өкілдері Сингапур мен ЕАЭО еркін сауда туралы келісім жасасқанын атап өтті. Сингапурлық тарап сондай-ақ Қазақстаннан ет экспорттауға деген мүдделілігін жариялады және қазақстандық ветеринариялық қызметіне (жүйелік аудит және кәсіпорындарды тексеру) қойылатын тиісті талаптарды жібереді.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық бизнес Сингапурға ет экспорты бойынша келіссөздерді бастауды сұраған болатын. Сондай-ақ, сингапурлық компаниялардың Қазақстан Республикасынан ет әкелуге қызығушылығы туралы бірнеше сұраным хат алынды.