Ветеринариялық пәндердің студенттері мен оқытушылары Тулузаның ветеринариялық мектебінде тәжірибеден өтеді

Ветеринариялық пәндердің студенттері мен оқытушылары Тулузаның ветеринариялық мектебінде тәжірибеден өтеді

Францияның ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандық жоғары оқу орындары үшін ветеринариялық білім беру жөніндегі ХЭБ жобасының твиннингінің іске асырылуын жалғастыруға дайын.

Ағымдағы жылдың 28 мамырында Қазақстан делегациясының Францияның ауыл шаруашылығы Вице-министрі Изабель Шмителмен кездесуі өтті.

Өз тарапынан, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г. С. Исаева ағымдағы жылдың 27 мамырында ХЭБ басшылығымен жүргізілген келіссөздердің қорытындысы туралы француз әріптестеріне хабарлады. Осы кездесуде ХЭБ бас директоры Моник Элуа твиннинг жобасын жүзеге асыру бойынша серіктес ретінде Тулузадағы ең үздік француз мал дәрігерлік мектебін (Франциядағы тарихи мал дәрігерлік университеттер - мал дәрігерлік мектептер деп аталады) ұсынды.

Осы жобада, ветеринария пәндері оқытылатын, ҚР ЖОО-ның 6 өкілдері қатысты. Қазақстандық оқытушылар Тулузадағы мал дәрігерлік мектепте 1-3 айлық тағылымдамадан өтті. Олардың алған білімі Қазақстанда кеңінен қолданылды: халықаралық талаптарға сәйкес ветеринариялық мамандарды даярлаудың стандарттары, бағдарламалары, оқу жоспарлары өзгерді.

Айта кетсек, Тулузадағы ветеринариялық мектептің ректоры болып, жақында аграрлық білім мен ғылымға жетекшілік ететін Францияның ауыл шаруашылығы вице – министрі болып тағайындалған Изабель Шмитлин болатын.

Осылайша, Изабель Шмителинмен болған кездесуде Франция АШМ қолдауымен ХЭБ жобаларын Twinning аясында жұмысты жалғастыруға келісті.

Екінші кезеңге үш қазақстандық аграрлық ЖОО-ның студенттері мен оқытушылары қатысады.

Бұл Қазақстанда ветеринарлық білім деңгейін сапалы арттыруға мүмкіндік береді.