Қазіргі заманауи қалдықсыз технология бойынша картоп крахмалын өндіруге инвестициялар тартылады

Қазіргі заманауи қалдықсыз технология бойынша картоп крахмалын өндіруге инвестициялар тартылады

Қазіргі заманауи қалдықсыз технология бойынша картоп крахмалы өндірісін Павлодар облысында ашу жоспарлануда.
Бұл мәселе бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мен "Sicca Dania" компаниясының президенті Сорен Расмуссенмен арасында Нұр-сұлтан қаласында өтіп жатқан "Kazakhstan Global Investment Roundtable 2019"шеңберінде талқыланды.
Картоп крахмалын өндіретін зауыт құрылысының жалпы құны 35 млн. АҚШ долларын құрады, жобаны іске асыру мерзімі 2019-2020 жылдар, құрылған жаңа жұмыс орындарының саны - 50.
Соңғы өнім картоп крахмал, протеин, талшық және тыңайтқыштар болады. Бұл өнімдерді Республиканың ішкі нарығында сату және көршілес ҚХР, Ресей және т. б. мемлекеттердің нарығына экспорттау жоспарлануда. Қазақстандық серіктес "Агро Өндіріс" ЖШС, "Қазақстанның Картоп өсірушілер және көкөніс өсірушілер одағы"болып табылады.
Атап айту керек, алдында компанияның сауда өкілдерімен және компания басшыларымен кездесу өткенін, онда жоба бюджеті мен қаржылық сұлбасы бойынша ақпарат ұсынылған болатын.
Ағымдағы жылдың ақпан айында «Sicca Dania»өкілдерінің Астана қаласына сапары өтті, онда "Қазақ Инвест" компаниясы әлеуетті серіктестермен, қаржы институттарымен, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырды. Ал наурыз айында компания президенті Сорен Расмуссен біздің республикамызда жобаны іске асыруға және жобаның құрылымына байланысты 10-20% үлеске енуге мүдделілігін растады, жол картасы келісілді.
Анықтама: Sicca Dania компаниясы 2014 жылы құрылды, бас кеңсе Данияда орналасқан. Компанияның ядросын кептіру технологияларына маманданған мамандар құрайды. Компанияның кеңселері Францияда, Сингапурда, Қытайда, Жаңа Зеландияда және басқа елдерде орналасқан.