«Kazakhstan Global Investment Roundtable 2019» форум барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров «Beijing NAALE Industry Group» компаниясының президенті Чжан Ци мырзамен кездесу өткізді.
Тараптар Павлодар облысындағы қант зауытының құрылысы мен алюминий банкалары өндірісін талқылады.
Қант зауытының құрылысы 2020 жылдың сәуір айына, ал зауыттың іске қосылуы 2021 жылдың тамыз айына жоспарланған.Жобаның құны – 103 млн. АҚШ доллары. Өндірістік қуаты – жылына дайын өнімнен 100 мың тонна және шикізат (қант, қант қызылшасы) 700 мың тонна. Жобаны жүзеге асыру үшін жер телімі резервке қойылған.
NAALE Group өкілдерімен жобаны бірлесіп іске асыру мәселелері бойынша кездесу бұрын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде, сондай-ақ Павлодар облысының әкімдігінде өткенін атап өткен жөн.
Өткізілген кездесулер қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарлануда, содан кейін ағымдағы жылдың 2-3 тоқсанында қант қызылшасын тәжірибелік егу жоспарлануда. ТЭН әзірлеуге келісім-шартқа қол қойылды. Қазіргі уақытта жобаның ТЭН және ЖСҚ дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Анықтамалық:"Beijing NAALE Industry Group" компаниялар тобы сыра, сусындар және ілеспе қаптамаларды өндірумен айналысатын 12 кәсіпорыннан тұрады.
Компанияның көлемі жылына 10 000 тонна сыра өндіру бойынша 80 жылдық тарихы бар, өндірілетін банкалардың жалпы көлемі жылына 600 миллионнан астам. Қызметкерлер саны-2000-нан астам адам. Сондай-ақ, компания жалпы қуаты 400 мың тоннадан астам қант өндіретін 4 зауытты (негізгі шикізат қант қызылшасы) іске асырды.
2019 жылдың 10-20 сәуір аралығында "Beijing NAALE Industry Group" компаниясының Басқарма төрағасы бастаған қытай компаниясы делегациясының Алматы, Павлодар, Нұр-сұлтан қалаларында Павлодар қаласында қант зауытын салу және ҚР алюминий банкаларын өндіру жөніндегі жобаларды талқылау және одан әрі пысықтау үшін сапары өтті.