Жылыжай кешендері оңтүстік өңірлерде салынады

Жылыжай кешендері оңтүстік өңірлерде салынады
Түркістан аймағында 500 гектардан асатын жылыжай кешендерін салу жоспарланып отыр. Осы ауқымды жобаның құрылысын бүгін «Kazakhstan Global Investment Roundtable 2019» барысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «АПК ЭКО-Культура» ЖШС өкілдері талқылады.
«АПК ЭКО-Культура»  ЖШС бүгінгі күні Алматы облысындағы 18 гектар аумақта осы көлемдегі заманауи жылыжай кешенінің бірінші кезеңін іске асыруда. Екінші кезеңді жүзеге асыру үшін Алматы облысының әкімдігі Береке өнеркәсіптік аумағында жалпы алаңы 40 гектар жер учаскесін бөлді. Осы кезеңде төрт жақты негіздемелік келісім («Эко Культура», «Green Land Alatau», «Сбербанк» және «Казах Экспорт») жасасу жоспарланып отыр.
Түркістан аймағында жылыжай кешенін салу үшін 1 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылатын болады.Анықтама: «Эко Культура» агроөнеркәсіптік холдингі экологиялық таза көкөністерінің ресейлік ірі өндірушісі болып табылады. Негізгі өсірілетін дақылдар қызанақ, қияр, баклажан, бұрыш және жапырақты салат. 2017 жылдың соңында агрокешен көкөніс өнімдерінің үлесі отандық көкөніс өнімдерінің 5,4% -ын құрады, 2023 жылға жоспар - 30%.
«Эко Культура» өнімдері Ресейдің ірі федералды және аймақтық желілерінде ұсынылған: «X5 Retail Group», «Магнит», «Дикси», «Лента», «Окей», «Верный», «Магнолия», «Азбука вкуса», «Globus», «BILLA»  және  «McDonald`s», «KFC» сияқты халықаралық мейрамханалар желілерімен серіктестікті табысты дамытуда