Жаңа 2021 жыл құтты болсын!

Жаңа 2021 жыл құтты болсын!

2020 жыл күллі әлемді әлекке салып әурелеген уақыттың толқынымен тарих қойнауына еніп барады. Қазақстан үшін де оңай болған жоқ. Қиын-қыстау сәттерді елдің береке-бірлігінің, татулығы мен төзімділігінің арқасында еңсердік деп ойлаймын.

Індет ел іргесіне енгенде тұрғындарға тәулік бойы тынымсыз көмек көрсеткен дәрігерлерге мың алғыс! Сондай-ақ, қауіпсіздік үшін шекарамыз жабылғанда халықты азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз еткен ауыл шаруашылығы саласы өкілдерінің өлшеусіз еңбегін айрықша атап өткім келеді.

Карантинге қарамастан көктемгі егіс науқаны абыроймен атқарылды, өткен жылға қарағанда қамбаға мол және сапалы астық жиналды. Ауыл шаруашылығының басқа да бағыттары бойынша қол жеткізген табыстарымыз көңіл толтырады.

Жаңа жыл елімізге бақ-береке, мол ырыс алып келсін. Әр отбасында қуаныш пен шаттық орнасын.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі САПАРХАН ОМАРОВ