АШМ АӨК өнімдері импортын алмастыру жұмысына талдау жасады

АШМ АӨК өнімдері импортын алмастыру жұмысына талдау жасады

Ағымдағы жылдың 11 айында Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешенде импортты алмастыру шеңберінде жалпы қуаттылығы 94,5 мың тонна құс етін өндіретін 8 жаңа құс фабрикасы және 2 үйрек-қаз фермасы пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, биыл республикада 87,8 мың тонна сүт бағытындағы 13 мың басқа арналған 18 өнеркәсіптік тауарлы-сүт фермасы және қуаттылығы 10,1 мың тонна сүт бағытындағы 3,2 мың басқа арналған 30 отбасылық тауарлы-сүт фермасы іске қосылды.