Министрлік ауыл шаруашылығы маусымының есебін жариялады

Министрлік ауыл шаруашылығы маусымының есебін жариялады

Қазақстанда мал басы орташа есеппен 9,5%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Ағымдағы маусымның күрделі жағдайларына қарамастан, диқандар 20,8 млн тонна астық көлемінде мол өнім алды, бұл республиканың ішкі қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстанның астық державасы ретіндегі мәртебесін сақтай отырып, белгілі бір көлемді экспортқа жөнелтуге мүмкіндік береді.

Алынған астық жоғары сапалы. Бидайдың жалпы көлемінің 80%-ы 1-3-ші санаттарға жатқызылды, ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 53%-ды құрады.

Ағымдағы жылдың ауыл шаруашылығы маусымының қорытындысы бойынша аграршылар 4 млн тонна картоп, 4,3 млн тонна көкөніс, 2,5 млн тонна бақша дақылдары мен 297,2 мың тонна мақта жинады. 2,5 млн тонна май дақылдары жиналды.

ІҚМ саны 8,6%-ға, жылқы – 11,7%-ға, қой мен ешкі – 7%-ға өсті.