2020 жылы АӨК жалпы өнімінің көлемі 6 трлн. теңгеге жуықтады

2020 жылы АӨК жалпы өнімінің көлемі 6 трлн. теңгеге  жуықтады

Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның АӨК барлық бағамдар бойынша жоғары өсім көрсетті, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі

«Ағымдағы жылдың 11 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 5,3%-ға артып, 5,9 трлн. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар 4,7%-ға – 454,2 млрд. теңгеге дейін, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 18,6%-ға (86,5 млрд. теңгеге дейін) өсті.

Өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 871,5 млн. АҚШ долларынан 1 млрд. АҚШ долларына дейін артқан», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.