Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен баршаңызды құттықтаймын!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен баршаңызды құттықтаймын!

Мемлекетіміз еңселі туын көтеріп еркін керегелі егемен ел болғалы 29 жыл толыпты. Ордалы жұрт болып отыз жасқа қадам басқан қайсар қазақтың төл мерекесі мәңгілік болсын!
⠀
Ғасырлар бойы бабадан балаға мирас болып келе жатқан байтақ даламыз, бүгінде бейбітшілік пен береке-бірліктің алтын бесігіне айналды.
⠀
Тәуелсіздікпен бірге еліміздің ауыл шаруашылығы саласы да тұрақты дамып келеді. Ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламалары жүйелі түрде жүзеге асырылып, шаруалар мен ауыл азаматтары, фермерлер мен шағын шаруашылықтар үшін мемлекеттің қамқорлығы қашанда маңызды. Ел экономикасының әлеуетті саласы болып отырған агроөнеркәсіптің әрбір жеңісі мен жемісінің артында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің үлкен еңбегі тұр. Тәуелсіздіктің тірегі сіздерсіздер.
⠀
Сіздерге мықты денсаулық, Отанымыздың өсіп-өркендеуі жолындағы еңбектеріңізге зор табыс тілейміз!
⠀
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров